Бүгінгі жарқын мереке - Балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі ғимаратында Назарбаев @nis_astana_ib зияткерлік мектебінің оқушыларына арналған қызықты экскурсия өткіздік.
Мен де балаларымды патриоттық рухта тәрбиелеуге, жастайынан Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға, туған ел үшін терең жауапкершілік пен мақтаныш сезімін ұялатуға, сондай-ақ қоғамға пайдалы болуға тәрбиелеймін.
Балаларымыз бүлдіршін кезінен Мәжіліс жұмысының неден тұратынын, жұмыстың ішкі үдерістері қалай құрылғанын, елдің болашағы үшін маңызды шешімдердің қалай талқыланып, қабылданатынын біліп, танып өссін.
Экскурсия барысында әріптестерімізбен жас қонақтарымызға бірлескен және пленарлық отырыстар залдарын, Мәжіліс кітапханасын көрсеттік, ондағы бай кітап қорымен және түрлі әдебиеттермен, таныстырдық, оларды қызықтырған сұрақтарына жауап бердік.
Меніңше, балаларға саясат туралы жастайынан айту маңызды, өйткені еліміздің болашағы олардың қолында. Өз тарапымнан балаларға көшбасшылық қасиеттерді дамыту, Отанды сүю мен оған қызмет ету, адалдыққа ұмтылу, сапалы білім мен өзін-өзі дамыту бойынша бірқатар мотивациялық кеңестер бердім.
Ұрпағымыз – біздің кемел болашағымыз және олар бізден де биік белестерді бағындырып, алар асулары көп болсын! Ал, біздің міндет – оларға дұрыс бағдар беру!