Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ҚР АШМ және Қауымдастықтар өкілдерімен СБМАҚ жұмыс істеуінің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша кездесу

Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліснің депутаты Айдарбек Асанұлы Ходжаназаров ҚР АШМ және Ассоциациялар өкілдерімен кездесті. Аталған кездесуге ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры С.С. Молдабаева, ҚР АШМ ауыл шаруашылығы департаментінің директоры А.С. Сұлтанов, ҚР АШМ Агроазық-түлік базарлары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің директоры Қ.С. Жауымбаев, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының м. а. Б.М. Аймұрзаев, ҚР АШМ Қаржы құралдары және микрокредит беру департаменті директорының орынбасары  Ж.Т. Маханова, ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру департаменті директорының орынбасары Ә.Ж. Жұмабеков, ҚР АШМ Аграрлық азық түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу басқармасының басшысы Н.А. Аймаханова, Қазақстан Ет Одағы Қауымдастығының Бас директоры М.Б. Бактибаев, НС Қауымдастығының Төрағасы А.С. Сагатова және ҚР Агро сақтандыру Қауымдастығының Төрағасы С.Н. Ибраев қатысты.

Аталған кездесуде СБМАҚ жұмыс істеу процесіндегі орын алып отырған кемшіліктерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша депутат А.А. Ходжаназаров ҚР АШМ өкілдеріне СБМАҚ жұмыс істеу процесінде орын алып отынған проблемалардың тізімін жасап және оларды қысқа мерзімде шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, бұл аталған мәселе Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің бірінші сессиясына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 12 сәуірде Комитеттің отырысында Комитет мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен толыққанды қаралартын болады. Және Комитет отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданатын болады.