Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы

Күн тәртібі:

I. Өткен аптаның қорытындысы

II. Комитеттің іс-шараларына дайындық барысы туралы:

1) 2023 жылғы 26 сәуірде сағат 15.00 өтетін «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері» жөніндегі дөңгелек үстел отырысы

- баяндамашы депутат Нұржан Кемерұлы Әшімбетов

2) 2023 жылғы 28 сәуірде сағат 15.00 өтетін «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» 2022 жылғы 26 қазандағы сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде«Ауыл аманаты» Жобасы»:алғашқы нәтижелер мен енгізу тәжірибесі» жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы

- баяндамашы депутат Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев

3) 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де өтетін «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын туралы» комитеттің тақырыптық отырысы туралы

- баяндамашы депутат Данияр Алдабергенұлы Қасқарауов

4) 2023 жылғы 11-12 мамырда Көкөніс шаруашылығы саласының және суармалы егіншіліктің өзекті мәселелері бойынша Комитеттің Түркістан облысында өткізілетін көшпелі отырысы туралы

- баяндамашы депутат Еркебұлан Нұрмағамбетұлы Мәмбетов

III. Бас заң жобаларын қарау барысы туралы:

1) Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне органикалық өнім өндіру және оның айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы»

- баяндамашы депутат Айдарбек Асанұлы Қожаназаров

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

- баяндамашы депутат Нұржан Кемерұлы Әшімбетов

IV. Басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын бөлу:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

V. Басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын талқылау және қорытындыларды бекіту:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы»

- баяндамашы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқармасының басшысы Ержан Фариденұлы Абдрахманов

- қосымша баяндамашы депутат Айдарбек Асанұлы Қожаназаров

2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

- баяндамашы депутат Қазыбек Құрманғалиұлы Әлішев

3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

- баяндамашы депутат Ислам Еркінұлы Сұңқар