Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бірінші сессияның қорытындысы

Құрметті қазақстандықтар!

Ең алдымен, Respublica Partiyasy үшін дауыс берген жақтастарға айтарым, VIII-ші шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші сессиясы - еліміздің жоғарғы заң шығарушы органында партиямыздың белсенді жұмысының 3 айы аяқталды.

Осы уақыт ішінде Respublica партиясының фракциясы 4 заң жобасының авторы болып, әртүрлі заңдарға 190-нан астам түзетулер енгізді. Біз Мәжіліс отырыстарында белсенді сөз сөйлеп, аса маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді көтердік, сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдерінен жауап талап еттік. Парламент қабырғасында жұмыс істеумен шектеліп қоймай, өңірлерге барып, жергілікті отандастардың өзекті мәселелерімен таныстық.

Біздің фракция ел экономикасының негізгі салаларының бірі - ауылшаруашылығын дамытуға баса назар аударды. Менің 4 депутаттық сауалым еліміздің ауылшаруашылық өнеркәсібіне тікелей қатысты.

Ауыл шаруашылығы бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын бөліп көрсетейін:

Біріншіден, бұл сыртқы және ішкі нарықтарға қол жеткізу. Мәселе өткір, себебі қазақстандық дүкендердің сөрелері импорттық өніммен толып, тауар өндірушілер үшін өз өнімдерін экспортқа шығару күрделі мәселе. Осы мәселелердің шешімін іздеуде терең талдау жүргізілді, жоғары деңгейде бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Біз күзде жұмысты белсенді түрде жалғастырамыз.

Екіншіден, бұл шаруалар үшін қаржыландыруға қол жетімділік. Кепілдік беру бойынша ұсыныстар әзірленді және осы бағытта қаржы ұйымдарымен және үкіметпен белсенді жұмыс жүргізілуде. Табысты болған жағдайда АӨК қаржыландыру көлемін кемінде 2 есе ұлғайтуға қол жеткізіледі.

Үшіншіден, ветеринариялық және фитосанитариялық қызметтің сенімді есебі, қадағалануы және сапалы жұмысы қазақстандық өндірушілердің көптеген мәселелерін шешеді.

Сонымен қатар, күн тәртібінде суды ұтымды пайдалану және оның тапшылығына бейімделу, ауыл тұрғындарына медициналық, білім беру қызметтеріне қол жеткізу сияқты экологиялық және әлеуметтік мәселелер тұр.

Ауыл шаруашылығы бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын бөліп көрсетейін:

Бизнестің мүддесін қорғайтын партия ретінде Respublica әрқашан ШОБ-тың өзекті мәселелерін көтеруде. Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ол үшін бірқатар бастамалар, соның ішінде бірыңғай аграрлық салық әзірленді.

Сессия соңында біздің жұмысымыз тоқтамайды – алда өңірлерге сапарымыз басталады. Мен кем дегенде 8 аймаққа баруды жоспарлап отырмын. Өңірлерге шығу туралы ұсыныстарыңызды осы жазбаның астында бөлісіңіздер, әріптестіммен бірге әрқайсысын міндетті түрде қарастырамыз.

Бізге білдірген сенім мен қолдау үшін алғысым шексіз!