31 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті.
Комитет отырысында депутаттар келесі заң жобаларын талқылады:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2. «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы.
Заң жобасы Конституциялық Соттың 2023 жылғы 6 наурыздағы № 4 нормативтік қаулысын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Конституциялық Сот азамат Б.Қ. Аргумбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасының Конституцияға сәйкестігі туралы өтінішін қарады.
Бұл норма 3 жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтарды мемлекеттік қызметке қабылдауды шектейді. Бұл ретте мемлекеттік қызметке осындай тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған азаматтар өмір бойы жіберілмейді.
Конституциялық сот азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін екенін атап өтті.
Конституциялық Соттың пікірінше, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған азаматтар тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдармен салыстырғанда неғұрлым қолайлы жағдайда болады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасының ережелері азаматтардың конституциялық құқықтарына қысым жасауға әкеп соғады, әділдік, пропорционалдық және мөлшерлестік талаптарына сай келмейді.
Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымына сәйкес мұндай кемшіліктерді жою үшін заң жобасында Мемлекеттік қызмет туралы заңға тиісті түзетулер енгізіледі.
Бұдан басқа, заң жобасы Конституциялық Соттың 2023 жылғы 14 шілдедегі № 22-НП нормативтік қаулысын іске асыруға бағытталған.
Анықтама:
Осы қаулыда судьяның өкілеттігін кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі сияқты теріс себептермен тоқтату (Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі негізінде) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң шеңберінде ғана қызметтен босатылған судья үшін құқықтық салдарға әкеп соғатыны көрсетілген.
Көрсетілген негіз бойынша судья қызметінен босатылған азамат өзге салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек бостандығы конституциялық құқықты іске асыра алады.
Заң жобасы Мемлекеттік қызмет туралы заңның 16, 59, 61, 64-1-баптарына түзетулерді қамтиды.
Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді (16-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы).
Құқық қорғау қызметінен, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен және әскери қызметтен теріс себептермен жұмыстан шығарылған, судьяның өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан азаматты қабылдауға 2 жылдық шектеу мерзімі енгізіледі (16-баптың 3-тармағының 14) тармақшасы).
Анықтама:
Бұл шектеу Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім негізінде судьяның өкілеттігі тоқтатылған жағдайларда қолданылмайды.
Шектеулер бойынша нормалардың редакциясы өзгергендіктен, 59 және 61-баптарға түзетулермен Заңның 16-бабының ережелеріне тиісті сілтемелер жасалды.
Сондай-ақ, келісімшарттық қызметшілер бойынша
64-1-бабы (ұқсас шектеулер) және 2023 жылғы 3 қаңтардағы Заңның нормалары да 16-бапқа сәйкес келтірілген.
Анықтама:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 қаңтардағы Заңы.
Осы Заңда 2027 жылдан бастап азаматтың шығыстары оның кірістеріне сәйкес келмеген жағдайда, ол теріс себептермен жұмыстан шығарылады және 3 жыл ішінде мемлекеттік кызметке кіре алмайды деген нормалар қолданылады.
3 жылдық мерзім 2 жылға дейін қысқарады.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
2. «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2022 жылғы 9 желтоқсанда Бішкек қаласында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға (бұдан әрі – Хаттама) қол қойды.
Бүгінгі таңда бұл хаттаманы Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы және Беларусь Республикасы ратификациялады.
Осы Хаттаманы ратификациялау Қазақстан Республикасының стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттарының басым бағытырына сәйкес келеді.
Осы Хаттаманы ратификациялау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер нарығын дамытуға және осындай көрсетілетін қызметтерді тұтыну орны бойынша салық есебіне оңайлатылған қою және электрондық көрсетілетін қызметтерге ҚҚС төлеу бөлігінде тетікті енгізуге ықпал ететін болады.
Қазіргі уақытта хаттаманы ратификациялау туралы Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» (ғылыми-құқықтық, лингвистикалық) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық қажетті сараптамалардан өтті, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және сараптама кеңесінің мүшелерімен келісілді.
Заң жобасының тұжырымдамалық новеллаларына тоқталамын:
Электрондық нысандағы қызметтерге, егер оларды ақпараттық технологияларды пайдаланбай көрсету мүмкін болмаса, ақпараттық-телекоммуникациялық желі (электр байланысы желісі) арқылы, оның ішінде интернет арқылы көрсетілетін қызметтер жатады.
Электрондық нысандағы қызметтер тізбесін (барлығы 14) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бекітеді.
Бұл ретте мұндай қызметтерге мыналар жатады:
1) ақпараттық-телекоммуникациялық желі, оның ішінде «Интернет» желісі арқылы электрондық құрылғылардың кез келген түрі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану құқығын беру;
2) ақпараттық желілерде жарнамалық қызметтер көрсету;
3) ақпараттық желілерде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді), мүліктік құқықтарды сатып алу (өткізу) туралы ұсыныстарды орналастыру бойынша қызметтер көрсету;
- Қызметті жүргізу орнын айқындау
Сатып алушы-ұйымының қызметін жүргізу орны ЕАЭО-ға мүше мемлекет болып танылады, егер бұл ұйым онда мемлекеттік тіркеу негізінде қызмет жүргізсе.
Егер сатып алушының тұрғылықты жері (тұрақты немесе басым тұратын жері) осы мүше мемлекетте болса, мүше мемлекеттің аумағы жеке тұлғаның, оның ішінде қызметті электрондық нысанда сатып алатын ЖК қызметін жүзеге асыру орны болып танылады.
- ҚҚС төлеу
ҚҚС төлеу үшін, егер мұндай талап сол елдің заңнамасында көзделген болса, олар үшін қызмет жүргізетін орын болып табылатын ЕАЭО-ның басқа еліндегі ұйымдарға (ДК) электрондық қызметтер көрсететін төлеуші сол елде салық есебіне тұруға міндетті. Егер мұндай талап болмаса, қызметтерді сатып алушы ҚҚС төлейді. Бұл ретте ЕАЭО-ның басқа мемлекетінде салық есебіне тұрған төлеуші тиісті декларация беруге тиіс.
Электрондық нысандағы қызметтер есеп айырысуда делдалдардың қатысуымен көрсетілген жағдайлар үшін ерекшелік қарастырылған. Бірқатар шарттар кезінде салықты атап айтқанда делдалдар төлейтін болады.
Электрондық нысанда қызмет көрсететін ұйымдардың тізімі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық органдарының ресми сайттарында осындай ұйымдардың есепке қойылған күнін, төлеушінің есептік нөмірін немесе салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін немесе салық төлеушінің тіркеу нөмірін (бар болса) көрсете отырып орналастырылатынын атап өтемін.
Хаттаманы ратификациялау ел бюджетіне қосымша түсімдердің ұлғаюына және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды алу тәртібін айқындау бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы іске асыруға байланысты қосымша қаржылық шығындар талап етілмейді.
Жаңа механизм ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер осы Хаттаманы ратификациялағаннан кейін ғана іске қосылатынын атап өту маңызды.
Хаттаманы ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.