Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің ОТЫРЫСЫ

2024 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. 

Комитет отырысында депутаттар «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобаларын талқылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында және Үкіметтің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдардың жобалары әзірленді.

Заң жобасының мақсаты – жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту арқылы акваөсірудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекеге қабілетті және қауіпсіз өнім өсіру көлемін ұлғайту, халықтың балық өнімдерін тұтынуын ұлғайту және экспорттық әлеуетті арттыру.

Заң жобасы шеңберінде акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне, балық шаруашылығын жүргізу жағдайларына, ғылыми зерттеулерге және су объектілері мен жер учаскелерін беру мен пайдалануға байланысты нормалар қамтылған.

Бұдан басқа, үш жылда бір рет жүргізілетін оның даму жай-күйін бағалау негізінде акваөсіру саласындағы мемлекеттік саясат құралдарын енгізу көзделген.

Ол үшін бюджет қаражаты есебінен консалтингтік компаниялар мен талдау орталықтарын, сондай-ақ қоғамдық салалық одақтар және қауымдастықтарды тарту жоспарлануда.

Бағалау нәтижелері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Акваөсіруді цифрландыру мақсатында мониторингтің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Онда акваөсірудің даму жағдайы мен мемлекеттік ынталандыру шаралары бағаланады.

Бұдан басқа, заң жобасында акваөсіруді жүргізу үшін су айдындарын бекітіп беру тәртібі көзделген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізілуде. Бұл – субсидиялау, жеңілдікпен кредит, ғылыми сүйемелдеу және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Атап айтқанда, субсидиялардың екі жаңа түрі көзделеді. Біріншісі, балық өсіру үшін су беру қызметтерінің құнын субсидиялау. Екіншісі, кредиттеу кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау. Субсидиялау агроөнеркәсіптік кешен субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жоспарланады.

Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мақсатында бизнес субъектілерінің қарсы міндеттемелерін енгізу жоспарлануда. Бұл – өндіріс көлемін ұлғайту, ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс орындарын құру және ұлғайту, сондай-ақ жалақыны өсіру.

Сонымен қатар, мемлекеттің бюджет қаражаты есебінен бизнесті ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдауды ұсыну арқылы инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу енгізілуде.

Бұл – балық өсірушілердің құзыретін арттыруға, ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге, биотехнологиялық процестерді құруға және өндіріске инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы бақылаудың бір бөлігі болып табылатын акваөсіру саласында мемлекеттік бақылау енгізілуде.

Сондай-ақ, акваөсіру мәселелері бойынша ілеспе заң жобасы әзірленді, оның шеңберінде төрт заңнамалық актіге өзгерістер енгізу көзделген.

Негізгі өзгерістері «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға тиісті мәселелер бойынша заң жобасына сәйкес келтіру және қайталанатын нормаларды алып тастау бөлігіндегі түзетүлермен байланысты.

Жалпы Заңның қабылдануы саланың инвестициялар үшін тартымдылығын арттыруға, балық өнімдерін өндіру мен экспорттаудың өсуін қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және халықтың балық тұтынуын арттыруға мүмкіндік береді.