2024 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. Комитет отырысында депутаттар келесі Қазақастан Республикасының Заң жобаларын талқылады:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша
Заң жобасы Мемлекет басшысының 2023 жылғы 4 қаңтардағы тапсырмасын іске асыру үшін әзірленді. Ол қаржы секторына кәсіби кадрларды тарту үшін жағдайлар жасауға және банк секторына инвестициялар үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.
Бірінші.
Қаржы секторына кәсіби кадрларды тарту үшін Заң жобасында қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару үшін еңбек өтілі ескерілетін ұйымдардың тізбесі кеңейтіледі.
Қазіргі уақытта банктерде, сақтандыру ұйымдарында және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларда ғана еңбек тәжірибесі бар адамдар қаржы ұйымдарының топ-менеджерлері бола алады.
Бұл ретте 2021 жылдан бері микроқаржы ұйымдары қаржы ұйымдарына жатады, олардың қызметін Агенттік лицензиялайды.
Бұдан басқа, Қазақстанның қаржы нарығында Қазақстанның Даму Банкі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, экспорттық-кредиттік агенттік сияқты ұйымдар өз қызметін жүзеге асыруда.
Осыған байланысты Заң жобасында банкте, сақтандыру ұйымында немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыда басшы лауазымды атқару үшін көрсетілген ұйымдардағы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердегі еңбек өтілін есепке алу мүмкіндігі көзделеді.
Сонымен бірге Заң жобасында Агенттіктің қаржы ұйымдары мен банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісуі бойынша жекелеген талаптарды жеңілдету көзделеді.
Атап айтқанда, банктерге, сақтандыру ұйымдарына, жинақтаушы зейнетақы қорларына және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға бас бухгалтердің міндеттерін уақытша атқаруды бас бухгалтердің орынбасарына жүктеуге мүмкіндік беріледі.
Бұдан басқа, Агенттіктің жанама банк холдингтерінің басшы қызметкерлерін келісуі бойынша талап алып тасталады, себебі банкті жалпы басқаруға банктің өзінің және тікелей банк холдингінің Агенттікпен келісілген топ-менеджерлері жауапты болады.
Екінші.
Банк секторына инвестициялар үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында Заң жобасында банк лицензиясын алу үшін жекелеген артық талаптарды алып тастау көзделеді.
Халықаралық стандарттарға сәйкес банк лицензия алу елінде нақты өзі болуға тиіс, яғни оның басқару жүзеге асырылатын және банк қызметін есепке алу жүргізілетін нақты орны болуға тиіс.
Бұл ретте шет мемлекеттердің заңнамасында лицензия алатын банкте меншік құқығындағы үй-жайы болуы туралы талап жоқ, себебі мұндай үй-жай жалға алынуы мүмкін.
Осыған байланысты, Заң жобасында жаңа банк ашқысы келетін тұлғалар үшін лицензия алу үшін әкімшілік кедергі ретіндегі осы талапты алып тастау көзделеді.
Сондай-ақ, Заң жобасында банк ашуға рұқсат алғаннан кейін бір жыл ішінде қызметкерлерді жалдау талаптарын алып тастау көзделеді, себебі Банктер туралы заңның басқа нормасына сәйкес банк лицензиясын алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесіне штат кестесі де кіреді.
Осыған байланысты, ағымдағы редакцияда бұл талап әртүрлі оқылуы мүмкін және жаңа банк ашқысы келетін адамдар үшін әкімшілік кедергі болады.
Сонымен қатар Заң жобасында Агенттік мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін жекелеген құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарды алып тастау көзделеді.
Тиісті түзетулер банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға, сондай-ақ банктің еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге рұқсат алу рәсімдерінде көзделген.
Жалпы алғанда, ұсынылған түзетулер қаржы секторының одан әрі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша
Конституциялық Соттың 2023 жылғы 13 маусымдағы нормативтік қаулысына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген барлық адамдарға кәсіпкерлік қызметке құқықты шектеу бөлігінде Конституцияға сәйкес келмейді деп танылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сайланбалы лауазымдарға кандидаттар, өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын, еңбегіне ақы төлеу бюджет қаражатынан жүргізілетін аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері; Ұлттық Банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері және сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдар мен азаматтық қызмет мекемелерінде басқару функцияларын жүзеге асыратын адамдар теңестіріледі.
Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметті шектеу сараланған және лауазымдық міндеттердің сипатына орайластырылған болуға тиіс екенін атап өтті.
Осыған байланысты, заң жобасына сәйкес теңестірілген адамдарға кәсіпкерлік және өзге де ақылы қызметпен айналысуға тыйым салынбайды.
Сонымен қатар, бұрынғыдай, теңестірілген адамдар арасынан кейбір адамдарға мұндай тыйым сақталады:
өкілеттігін тұрақты негізде жүзеге асыратын, сайлау комиссияларының мүшелеріне –мұндай тыйым жоғары тұрған акт – «Сайлау туралы» Конституциялық заңда бекітілгендіктен;
Ұлттық Банкінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне – аталған қызметшілер
бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратындықтан;
Ұлттық холдингтердегі және ұлттық компаниялардағы басқарушыларға – осындай компаниялар қызметінің стратегиялық бағытына байланысты.
Осымен қатар, Конституциялық Соттың ұсыным бойынша заңмен теңестірілген адамдар:
1) егер тиісті қызмет олардың лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтіретін болса;
2) егер тиісті қызмет олардың қызметтік мүлікті пайдалануына алып келетін болса;
3) лауазымдық міндеттермен мүдделер қақтығысы болған кезде қәсіпкерлік қызметпен айналасу құқығы жоқ екендігі белгіленетін болады.
Сондай-ақ, Конституциялық Сот оның тартымдылығын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметті өткеру жағдайларын жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның (МҚІА), Президент Әкімшілігі бөлімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасында мынадай түзетулер көзделген:
1. Қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында пайлық инвестициялық қорлардың, облигациялардың пайларын және коммерциялық ұйымдардың 5%-ға дейінгі жай акцияларын сатып алуға және сатуға құқылы. Сонымен қатар, аталған адамдар сатып алынған акцияларды сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.
Елде халықтық IPO-ны дамыту жөніндегі акция іске асырылып жатқандығына байланысты, сондай-ақ сенімгерлік басқару шартын нотариалды куәландыру үшін қосымша шығындарды болдырмау мақсатында, заң жобасында коммерциялық ұйымдардың акцияларының 5%-ына дейін сенімгерлік басқаруға беру туралы талаптың күшін жою көзделген.
2. Сондай-ақ, бағалы қағаздарды азаматтық-құқықтық мәміле арқылы сатып алуға және мұрагерлікке беруге болатындықтан, пайларды, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың 5 %-ға дейінгі ақцияларын тек ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында (қор биржасында) сатып алу және сату мүмкіндігі туралы шарт алынып тасталады.
3. Цифрлық активтер Азаматтық кодексте, Салық кодексіне сәйкес олар табыс әкелетін және салық декларациясында көрсетілетін мүлікке жатқызылғандықтан, заң жобасында мемлекеттік қызметшілер мен теңестірілген адамдардың сатып алуы мен сатуы үшін рұқсат етілген мүлік түрлерінің тізбесіне цифрлық активтерді енгізу көзделген.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен табыс алу құқығы бекітілетін болады. Осыған ұқсас норма мемлекеттік қызмет туралы заңда жазылған.
5. «Үкімет туралы» Конституциялық заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда мұндай тыйым көзделмегендіктен, «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңында Үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге тыйым алынып тасталады.
Сонымен қатар заң жобасында редакциялық сипаттағы түзетулер қамтылған.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.