Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің ОТЫРЫСЫ

2023 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. Комитет отырысында депутаттар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылады.

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы шеңберінде Мемлекет Басшысының берген тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жаңа сапалы жүйесін құру қажет.

Сатып алынатын тауарлар мен қызметтер бағасының төменіне емес,  сапасына басымдық берілуі тиіс.

Бұл тапсырманы іске асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасы әзірленді.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасын таныстыруға көшпес бұрын қолданыстағы мемлекеттік сатып алу жүйесіне қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіз.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері, жоспарлаудан бастап төлемге дейін 100% электрондық форматта жүзеге асырылады.

Бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы мемлекеттік сатып алудың барынша ашықтығы қамтамасыз етіледі.

Камералдық бақылау енгізілді, ол тексеру объектісіне бармай-ақ, онлайн-режимде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен қоғамдық бірлестіктерге толық қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Дүниежүзілік Банк Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесін әлемдегі ең үздіктердің бірі деп таныды. Global Data Barometr зерттеулеріне сәйкес сатып алудың автоматтандырылуы және ашықтық деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі 109 елдің ішінде 3 орында тұр.

Өз кезегінде, қолданыстағы сатып алу жүйесінде шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар:

- жекелеген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасының төмендігі;

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында, 

Біріншіден. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін кеңінен пайдалану арқылы өнім берушіні таңдаудың бағаға қатысты емес өлшемшарттарын дамыту.

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы көп жағдайда белгілі бір қызметтегі өнім берушінің беделі мен біліктілігіне байланысты.

Сатып алу қатысушыларының біліктілігін арттыру үшін сатып алуды тиісті беделі бар өнім берушілер арасында жүзеге асыру ұсынылады.

 Өнім беруші туралы ақпарат әртүрлі дерек базаларын пайдалана отырып қалыптастырылады.

Бұл сатып алудың барлық түрлері бойынша баға мен сапа өлшемшарттарын үйлестіре отырып, өнім берушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді.

Екіншіден. Қоғамдық мониторинг енгізу, әсіресе құрылысқа байланысты жұмыстар бойынша.

Тапсырыс беруші тарапынан шарттың тиісінше орындалуын бақылау құрылыс сапасын арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Мәселен,  жұмыстарды орындау кестелерін, шарттардың орындалуы бойынша есептерді жалпы қолжетімді етіп жариялау, сондай-ақ шарттарды орындау мониторингіне қоғамдық кеңестерді тарту ұсынылады.

Үшіншіден.  Құрылыс саласында «даяр етіп беретін» шарттарды жасасу мүмкіндігін – EPC келісімшарттарын енгізу, мұнда жобалау және құрылыс жұмыстарын бір өнім беруші орындайды.

Төртіншіден. «Орнықты мемлекеттік сатып алуды» енгізу, бұл тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып сатып алуға негізделген.

Бесіншіден. Сапалы тауарларды сатып алудға ынталандыру мақсатында өмірлік цикл құнының есептемесін қолдана отырып өткізілетін сатып алуларды одан әрі дамыту. Мұнда өнім берушіні таңдау сатып алынатын тауарлардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады.

II САТЫП АЛУ РӘСІМДЕРІН ОҢАЙЛАТУ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУ

Сатып алу процесін реттеуді оңайлату және бюрократиядан арылту мақсатында шағымдарды қараудың жаңа тетігін енгізу, сондай-ақ бақылаушы органның рөлін қайта қарау ұсынылып отыр.

Тапсырыс берушілердің жоғары талап белгілеу фактілерін болдырмау мақсатында қолданыстағы камералдық бақылауды сақтап қалу жоспарланып отыр.

Бұл ретте, уәкілетті орган тарапынан сатып алу қорытындыларының күшін жою құқығын алып тастау ұсынылады.

Сатып алу рәсімдерінің созылып кетуін болдырмау мақсатында қорытындыларды қайта қарау жөніндегі функция сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі.

Ұйымдастырушы базасында жоғары тұрған орган, бақылаушы орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен шағымдарды қарау жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.

Қорытындыларға шағымдану құқығы жеңімпаздарын конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана беріледі.

Сатып алу қорытындыларын қайта қараудың осындай тәсілі Әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодекстің талаптарына сәйкес келеді және Жоғарғы Сотпен келісілген.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы 

Заңда мерзімдерді регламенттейтін белгіленген тікелей нормалардың болуы, оларды Қағидалар деңгейінде көздеуге мүмкіндік бермейді.

Бүгінгі таңда конкурсты өткізу мерзімі шамамен екі айды құрайды.

Бұл барлық рәсімдік кезеңдерді алдын-ала талқылауды, алдын-ала рұқсатты, шағымдану мерзімін және тағы басқа мерзімдерді сақтау қажеттілігіне байланысты.

Осыған орай жекелеген кезеңдерді қысқартуды ескере отырып, конкурсты өткізу мерзімі 1 айға дейін қысқартылатын болады.

Сонымен бірге, бір көзден сатып алуды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Мәселен, конкурсқа қатысуға бір өтінім ұсынылған және оны біліктілік талаптарына сәйкес деп таныған жағдайда мұндай сатып алуды өткізілді деп тану ұсынылады.

Бұл уақытты айтарлықтай үнемдеп, рәсімдерді жеңілдетеді, себебі тапсырыс берушіге қайта конкурс өткізудің қажеті болмайды.

Бұдан басқа, 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алуды жүзеге асыру ұсынылады.

Сонымен қатар, шарттық міндеттемелерін орындамаған  өнім берушілермен шарт бұзылған жағдайда, екінші мердігермен шарт жасасып, жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беру жоспарланып отыр.

Бұл өткізілетін сатып алулар санын азайтып, жұмыстың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, тапсырыс берушілерге күнделікті қажетті тауарлар жұмыстар мен қызметтер бойынша 3-жылдық шарт жасау мүмкіндігі көзделетін болады.

III. ҚҰРЫЛЫС НАРЫҒЫН МОНОПОЛИЯДАН АРЫЛТУ

Құрылыс нарығын монополиядан арылту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде жаңа Заңда экономика салаларын монополиядан арылту жөніндегі шаралар көрініс табады.

Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі баға өлшемшарттарын қолдану жалғастырылатын болады.

 Олар ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап пилоттық режимде қолданылуда.

Жұмыстарды орындайтын жерде тіркелген өнім берушілерге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

Бұл өлшемшарт шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға, сондай-ақ тиісті өңірде салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, әрбір қолданыстағы шарт үшін сатып алу көлемін біркелкі бөлу үшін жалпы шартты жеңілдіктен 0,1% алынатын болады.

Бұдан басқа, келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда тапсырыс берушіге шартты бұзу құқығын беру заңнамада көзделетін болады.

Көрсетілген шаралар мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиялық жағдайын болдырмауға бағытталған.

Оң серпінді ескере отырып, аталған бағыттағы жұмыс жаңа Заң шеңберінде жалғастырылатын болады.                                  

IV. САТЫП АЛУ РӘСІМДЕРІН ОДАН ӘРІ АВТОМАТТАНДЫРУ

2022 жылғы 1 шілдеден бастап рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілді.

Бұл тәсіл, жеңімпазды анықтау процесіне конкурстық комиссияның қатысуын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Жеңімпазды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде портал автоматты түрде анықтайды.

Жеңімпазды автоматты түрде анықтауды ескере отырып, мұндай сатып алу қорытындылары шағымдануға жатпайды.

Бұл сатып алу уақытын айтарлықтай қысқартып, қорытындыларды қайта қарау тәуекелдерін жояды.

Конкурсты өткізу мерзімі 29 күнтізбелік күннен аспайды.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап құрылыс-монтаждау мен жобалау жұмыстары, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс арқылы сатып алынуда.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап техникалық қадағалау қызметтерін сатып алуды да осы тәсілге ауыстыру жоспарланып отыр.

 Жалпы, өзге де сатып алуларды рейтингтік-балдық жүйе конкурсына барынша көшіру жоспарлануда.  

Жоғарыда айтылған жаңашылдықтардан басқа, Заң жобасымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, төтенше жағдайлардың алдын-алуға бағытталған ережелер де көзделген.

Мәселен, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарының (принциптері) қатарына, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу қосылды.

Осы ретте, әлеуетті өнім беруші, оның басшысы немесе құрылтайшылары бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса – мемелекеттік сатып алуларға қатыса алмайды.

Бұдан басқа, тапсырыс берушілерге төтенше жағдайлардың алдын-алу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі берілетін болады.

Бұл ретте, қолданыстағы заңнамамен төтенше жағдайлардың салдарын жою ғана көзделгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, конкурсқа қатысқан жалғыз өнім берушімен бірден шарт жасау мүмкіндігі де тапсырыс берушілердің жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді.

V. САТЫП АЛУ БОЙЫНША БІРЫҢҒАЙ ПЛАТФОРМА ҚҰРУ.

Сатып алу бойынша бірыңғай платформаны іске асыру мәселесін пысықтау нәтижелері бойынша, Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы базасында Бірыңғай платформа құру туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде, сатып алу бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты жинау және көрсету үшін ағымдағы сатып алу алаңдарын сақтау және интеграциялау ұсынылады.

Бұл қолда бар сатып алу алаңдарын бір мезгілде ажырата отырып, бірыңғай сатып алу порталына кезең-кезеңімен көшуге мүмкіндік береді.

Заң жобасында құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша заңнаманы жақсартуға бағытталған басқа да түзетулер бар.

Жалпы алғанда, заң жобасын қабылдау сатып алу процесін жеңілдетуге және қысқартуға, бағадан сапаның басымдығы қағидатын қамтамасыз етуге алып келеді.

Бұдан басқа шағымдарды қараудың жаңа тетігі мен қоғамдық мониторинг институты енгізілетін болады.

Сонымен қатар, Заң жобасы сатып алу рәсімдерін толық автоматтандыруға көшуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы мемлекеттік органдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасымен және Президент Әкімшілігімен келісілді.

Мемлекеттік сатып алу бүгінгі таңда мемлекеттің дамуына тікелей әсер ететін, ең күрделі салалардың бірі болып табылады.