2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. Комитет отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылады.
Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға (бұдан әрі – хаттама) 2023 жылғы 24 мамырда ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің басшыларымен қол қойған.
Хаттамада ЕЭК-ке ЕАЭО бюджетінен өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру бойынша өкілеттіктер беру көзделеді.
Осыған байланысты, ЕАЭО туралы шарттың «Одақ бюджеті» № 20 бабына және «Өнеркәсіптік саясат және ынтымақтастық» № 92 бабына, сондай-ақ ЕАЭО туралы шартқа № 27 қосымшаға өзгерістер енгізіледі.
Жалпы механизм келесіге бағытталған:
- жаңа өндірістер құру, өндірістік қуаттарды ұлғайту және өндірісті жаңғырту;
- өзара сауда және инвестициялар көлемін ұлғайту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- үшінші елдерге өнім экспортын ұлғайту;
- қосылған құны жоғары өнеркәсіп өнімдерін шығару.
Қаржыландыру көзі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бюджеттеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарынан түсетін түсімдердің жалпы сомасының 10%.
Нысан – субсидиялар ЕЭК ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық қаржы ұйымдарына және ЕАДБ-ға негізгі мөлшерлеменің 100% мөлшерінде беріледі.
Механизмнің мерзімі – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қарсылықтары болмаған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 5 жыл.
Субсидия көлемі – бір жобаға субсидияның максималды көлемі -жылына 350 миллион рубльді құрайды.
Несие/қарыздың коммерциялық мөлшерлемесі ≤ негізгі мөлшерлеме + 6.5%.
Субсидия Ресей Федерациясының рублінде, несие шарты – мүше мемлекеттердің бірінің валютасы.
Қаржы ұйымы – ЕЭК Кеңесімен айқындайтын қаржы ұйымдарының тізбесіне енгізілген Тараптардан және ЕАДБ ұлттық қаржы ұйымдар (банктер және даму институттары).
Анықтама: ЕЭК Кеңесінің 12.12.2023 ж. № 47 өкімімен ҚР-дан
15 қаржы ұйымы бекітілді.
Кооперациялық өнеркәсіптік жобаларды іріктеудің негізгі критерийлері:
- ЕАЭО-ға мүше 3 және одан да көп мемлекеттердің кәсіпорындарының қатысуы;
- кооперациялық жоба шеңберінде өндірілетін өнім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден шығарылатын болып есептелуге тиіс;
- жобаны іске асыру мерзімі 5 жылдан аспайды.
Өнеркәсіп салалары – 2023 жылғы 26 қазандағы № 3 ЕҮАК шешімімен 26 өнеркәсіп саласының тізбесі бекітілді, ол толық емес болып табылады және ЕҮАК шешімі бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.
2023 жылғы 26 қазандағы № 3 ЕҮАК шешімімен өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ереже бекітілді, ол кооперациялық жобаны қарау және мақұлдау рәсімін, қарыз алушыға және қаржы ұйымына қойылатын талаптарды, қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті, есептілікті және т.б. регламенттейді.
Жалпы, заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.