Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Digital Bridge 2023 халықаралық форумы

2023 жылғы 13 қазанда Digital Bridge 2023 халықаралық форумы аясында AI ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ДЕМОКРАТИЯ пленарлық сессияны Парламенттің Мәжілісі Цифрлық министрлікпен бірге өткізді.

Қазақстандағы электронды немесе цифрлық Парламентті дамыту – мемлекетімізде болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістердің, реформалардың табиғи эволюциялық түрінде жалғасу процесі.

Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев 2023 ж. 29 наурызда, VIII сайланған Парламенттің I сессиясының ашылуында цифрландыруды мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінің маңызды факторы деп атады. Сонымен бірге электронды үкіметтің инфрақұрылымын дамытумен қатар, биліктің өкілді тармағын, Парламентті одан әрі цифрландыруға назар аударуға тапсырма берді.

Тапсырманы іске асыру барысында Парламент және Цифрлық Министрлік бірлесіп, Парламентті цифрландыру және автоматтандыру жайының жағдайына талдау жүргізу үшін жұмыс тобын құрды.

Жұмыс нәтижесі бойынша Өкілді органдарды цифрландыру электронды-Парламент Концепциясы әзірленді.

Digital Bridge-де е-Парламент жөніндегі Концепцияның негізгі бағыттарына Вице-министр Ә.Н.Тұрысов презентация жасады.

Форумдағы сессияда Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров AI, жасанды интелектіні өздерінің қызметтерінде пайдаланып жүргенін, болашақта AI-дың заң шығару қызметіне қандай әсер беретінін айтты.

Әлем жасанды интеллектпен бірлесе өмір сүріп жатыр. Енді бұл байланыс тек нығая береді.

Біз де жасанды интеллектті өз саламызға, тіпті Парламентке енгізуді бастама еттік. ЖИ заң шығару процесін, сараптама жасауды, заңдағы қарама-қайшылықтарды дұрыс зерттеп берсе, үлкен көмек болады.

Біз қазір бір заңға өзгеріс енгізу не қолданыстан шығару үшін көп ресурс құртамыз. Қаржы, уақытпен де. Ал ЖИ осы мәселені тиімді реттеп берер еді. Әрине ЖИ адамның орнын баса алмайды, ол тек процессті жеңілдетеді…

ЖИ-ді Парламенттегі заң шығару процесіне енгізу арқылы біз мына дүниелерді оңтайландыра аламыз:

* Деректерді сараптау

* Нәтижелерді болжау

* Ұсақ тапсырмаларды автоматтандыру

* Халық алдындағы ашықтық

* Шешім шығаруға көмек

Еуроодақ тұрғындарына өткізілген сауалнамада 51% тұрғын Парламенттің көп бөлігін жасанды интеллектке беру идеясын қолдаған.

Toomas Tirs, Эстонияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркіменстандағы және Өзбекстандағы Елшісі Эстонияның тәжірибесі, сайлаудағы е-voting - цифрлық дауыс беру сияқты ерекшеліктер туралы және өз еліндегі тәжірибелер туралы бөлісті.

KPMG Кавказ және Орталық Азиядағы технологиялар директоры. Anuar Nurakhmetov болашақта Парламенттер қалай дамып, мемлекеттің цифрлық эко жүйелерге бейімделуі жөнінде болжамдар жасады. Сонымен бірге Өзбекістанның Цифрлық министрлігінің AI бойынша директоры А.Атабеков жасанды интеллекті бойынша елдерінде болып жатқан өзгерістер туралы сөз қозғады.

Әлемде болып жатқан цифрлық даму, AI-дың ерекше үдерісін көріп, оған тез бейімделіп, инновацияларға әкелетін эко жүйені қолдап, ең бастысы қалыптасқан жүйені өзгерту бағытында еңбек етіп жүрген Цифрлық министрліктің, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдеріне рақмет жазғым келеді. Бұл жолда әр адамның еңбегінің ролі ерекше маңызды. Кең деңгейде өзгерістер жасау қызық болғанымен, өте қиын. Осы жолда бәрімізге сәттілік тілеймін.