Ходжаназаров
Айдарбек
Асанұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Премьер-Министріне депутаттық сауал жарияланды

2023 жылғы 12 сәуірде

жарияланды

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа


ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Асханұлы!

Депутаттық сауал жолдауға шетелдік астық және сүт өнімдерін жеткізушілер тарапынан ішкі нарықтағы бағалардың заңсыз импорты мен демпингі төңірегінде қалыптасқан жағдай себеп болды. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қирау мен банкроттық қаупі төнді, осыған орай Үкімет фермерлерді қорғау жөнінде қысқа мерзімде шаралар қабылдауы қажет.

2022 жылы Ресейдегі астық өнімі рекордтық 153 млн тоннаны құрады. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ресей Федерациясындағы қор көлемі былтырғы жылға қарағанда 44% - ға көп.

Контрабанда көп жағдайда ешқандай есебі жүрмейтін, құжаттары жоқ  автокөліктермен тасымалданған. Астықты автокөлікпен әкелуге салынған кешегі тыйым, өте кеш қабылданған шешім, себебі елге заңсыз келіп үлгірген астық көлемі 2 миллион тоннаға жетті!

Нәтижесінде, елімізге тиген залал мөлшері 63,1 млрд - нан астам теңгені құрады деп бағалануда - бұл тек төленбеген қосымша құн салығы мен ҚТЖ тарифі ғана. Ал фермерлердің шығынын есептеген адам бар ма? 2 млн қазақстандықты жұмыспен қамтып отырған сала мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі нәтижесінде өткен алты айда 225,5 млрд теңге артық табыссынан қағылған.

Біздің фермерлер - біздің экономикамыз бен қоғамымыздың негізі. Олар бізді сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін ауа-райы мен қиындықтарға қарамастан күн сайын далада жұмыс істейді. Олар біздің денсаулығымызға, балаларымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығына қамқорлық жасайды.

Бірақ бүгінде бұл фермерлер шетелдік заңсыз импорты мен демпингінен туындаған күрделі мәселелерге тап болды. Бұл олардың әл-ауқатына нұқсан келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар біздің ауыл шаруашылығы саласының болашағына қауіп төндіреді.

Осының салдарынан астық өндірушілер шығынға ұшырайды және бұл жағдайдың барлығы егіс қарсаңында орын алып отыр.

Қазақстандық сүт өндірушілердің жағдайы да мәз емес. Ресейде құрғақ сүттің профициті бар. Бұл ең алдымен ресейліктер шикі сүт өндірісін ұлғайтып, қымбат өнімдерді (йогурттар, ірімшіктер) сату көлемін азайтып, сүт зауыттары арзан өнімдерді, соның ішінде құрғақ сүт өндірісін арттырудан болды.

Өзге нарықтың болмау себебінен ресейлік жеткізушілер қазақстандық сауда желілерінің сөресін өз өнімдерімен толтырып, ал отандық өндірушілер жетімнің күйін кешуде.

Біздің фермерлерге деген қамқорлығымыз біздің жерімізге және халқымызға деген құрмет пен сүйіспеншіліктің символына айналсын.

Сүт тез бұзылатын тауар және мәселенің жедел шешілуін қажет етеді, әйтпесе 2015 жылғы жағдай қайталануы ғажап емес, сүт жерге төгіліп, фермерлер банкротқа ұшырағанын білесіздер.

Бұл жағдай қайталану айтарлықтай шара қолданудың қажеті жоқ, саланы бір ғана  әрекетсіздікпен «өлтіруге» болады және сүт фермаларына көрсетілген мемлекеттік қолдаудың барлық әрекеті нәтиже бермейді.


Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесіні ұсынамыз:

Астық нарығы қатысында.

Алашанькоу арқылы астық пен ұн тасымалдауда туындайтын барлық кедергілерді жою үшін Үкімет ҚХР-мен келіссөздер жүргізсін.

Астық пен ұнды өткізу нарығын Таяу Шығысқа қарай кеңейту.

Мемлекеттік қорға кем дегенде 1 млн тоннадан кем болмайтын көлемде астық сатып алуды жүргізу.

Келесі егіс науқанын үзіліссіз жүргізу үшін фермерлердің қарызын қайта құрылымдау құралдарын қарастыру.

Жүйелік шаралар ретінде:

«Астық туралы»  ҚР Заңын жаңа редакцияда қабылдауды.

Трансферттік баға белгілеу қағидаларын бекітуді ұсынамыз.


Сүт нарығы бойынша.

Импортталатын сүт өнімдерінің кіріс бағасына толық талдау жүргізу.

Жосықсыз өндірушілер мен  құрғақ сүтті сақтау мерзімдерін бақылау үшін  күшейтілген зертханалық бақылау енгізу

Контрабанданы әкелудің алдын алу үшін шекарадағы бақылауды күшейту

Отандық өнім өндірушілер үшін «Қазақстанда жасалған» белгісін барлық жерде пайдалана отырып, жергілікті тауарға сауда желілеріндегі неғұрлым тиімді орындар мен сөрелерді басым тәртіппен ұсыну.

Қазақстан аумағына темір жол көлігінен басқа кез келген өзге көлікпен құрғақ сүтті әкелуге тыйым салуды белгілеу.

Депутаттық сауалды қарап, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.



Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары,

«Respublika» партиясы

Фракциясының мүшелері                                         А. Ходжаназаров

Р. Берденов

О. Құспеков

Н.Тау

Д. Шүкіжанова

Д. Наумова


«Ауыл» партиясы

Фракциясының мүшелері                                         С. Егізбаев

Ж. Дайрабаев


«AMANAT» партиясы

Фракциясының мүшелері                                          А. Әлтай

Н. Әшімбетов

П. Казанцев


«Қазақстан халық партиясы»

Фракциясының мүшелері                                          И. Сұңқар



Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаттары                     Қ. Әлішев

Д. Қасқарауов