Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Туған жерім Сарқан ауданындағы іс сапарымда бірнеше ауылды аралап қайттық

Туған жерім Сарқан ауданындағы іс сапарымда бірнеше ауылды аралап қайттық, Амангелді ауылдық округіне қарасты Қарауылтөбе, Пограничник пен Көкөзек ауылдарына барып халықпен жүздестік.

Жүздесу кезінде халықтың айтқан шағымы ол: ауыл маңында жайылымның жоқтығы, көшелерде жолдың жөнделуі, светтің өшуі, балаларға арнап стадион немесе ойын алаңдарын салу, кейбір жерде тоғандардың жоқтығы, кезекте тұрған тұрғын үй мәселесі, ескі клубтың жөнделуі және мектептерде бала сандарының аздығы.

Осы мәселерді тиісті органдармен бірлесе отырып заң аясында шешуге ықпал етуге тырысамын.