Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кеше Алмалы және Абай ауылдарында салынып жатқан құрылыс нысандарын барып көрдік.

Кеше Алмалы және Абай ауылдарында салынып жатқан құрылыс нысандарын барып көрдік.

Алмалы ауылында мәдениет үйінің құрылыс сапасына көңіліміз толмады, мердігерге біраз ескертпелер айтылды. Шымкеттен келген мердігер айтылған түзетулерді орындап, 10 айға дейін құрылысты тапсыратынына уәде берді.

Алмалы ауылында салынатын ФОК-тың орнын да көрдік, бірақ жұмыстар әлі бастала қоймаған, сол себепті соған жауап беретін атқарушы органдармен бұл мәселені әлі көтеретін боламыз.