Екіаша ауылдық округіне қарасты Тополевка ауылында бұрын соңды болмаған заманауи мектеп, шағын балалар орталығы мен әдемі стадион былтырдан бері бой көтеріп, биыл алғашқы қоңырауды дәл осы жерде соғуға дайындап, обьектіні бітіргелі жатыр.
Жұмыстың 90% аяқталып қалыпты.
Жаңа мектеп сұйық отынмен жылытылатын болады.
Жан жағына жас көшеттер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары да жасалмақшы.
Мердігерге ешқандай ескертулер болмады, жұмыстары қарқынды, әрі сапалы.
Жақсы, сапалы жұмыстарды көріп, қуанып қайттық.