Бірнеше күннен бері Сарқан қаласы бойынша көптеген проблемалар мен көз қуантарлық жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарынды көріп, халықпен тікелей кездесіп жатырмыз.
Сарқан қаласының зерде бұзылыстары бар балалар интернатында болдық. Біраз шағымдар бар екен. Көтерілген мәселелерді шешуге тікелей ат салысамын.
Сонымен қатыр Сарқан қаласы орталық Балдырған балабақшасын да көрдік.
Балабақшаның шаруашылық бөлім басшысы Ерболаев Әлібек ағамыз балабақшаның жағдайын толықтай түсіндірді.
Кеңес дәуірінде салынған нысанның тозығы жетіпті, шатыр, кәріз жүйесі мен дәретхананы қайта жасау керек дейді. Ойын алаңдары да ескірген.