Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақсу ауданына іс сапарымен барып қайттым.

Ақсу ауданына іс сапарымен барып қайттым.

Іліяс Жансүгіров ауылында бой көтеріп жатқан 5 қабатты тұрғын үй кешенін, 2 қабатты коттедж үйлерінің құрылысының сапасын, жұмыс қарқынын тексердім. Азды көпті ескертулер мен ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар Ж. Сыдықов атындағы 844 орындық мектептің құрылысына да арнайы бардық. Мектептің күрделі және абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 783 млн теңге бөлінген.

Құрылыс өте сапалы, кеш қаржыландыруына қарамастан өте қарқынды жүріп жатыр. Жоспарланған уақытқа сәйкес тапсырылатыны құрылыс басшысы тарапынан баяндалды.

Сонымен қатар Ақсулық қоғам белсенділерімен де кездесіп, ауданның тынысымен, шешілмей жатқан мәселелерімен де танысып қайттық.

Ақсу ауданы бойынша интернет пен связь мәселесі де ақсап тұр дейді жергілікті блогер.

Сарқан ауданы бойынша интернет станцияларын орнату үшін Кселл компаниясының басшысымен келіскен болатынмын. Сонымен қатар енді Ақсу ауданын бойынша да Кселл станциялары да орнатылатын болады.

Jetisu Amanat

Аманат Ақсу Ауданы

Ruslan Sadu Kozhasbayev

Askhat Uzbekov