Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі.
Сарқан ауданы бойынша жұмыс сапарында Сарқан ауданы полиция басқармасын зиярат еттім.
Жаңадан тағайындалған полиция басшысы Амагельдинов Айдар Амангелді ұлы полиция бөлімшесімен және атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Жаңа жұмысына сәттілік тілеп біздің топ Сарқан ауданы төтенше жағдайлар бөлімшесіне ат басын бұрдық.
Бізді Сарқан ауданы ТӨЖ басшысы Турсунов Елдар қарсы алды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы салааралық үйлестіру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін құруды және одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Яғни жұмыстары өте күрделі.
Сарқан ауданы бойынша ТӨЖ бөлімшесін аралап, техниларының жағдайын, дайындықтарының сапасын көріп қайттық.
Дайындық жақсы, бірақ техника жағы біраз ақсап тұр. Себебі аудан көлемі өте үлкен штат пен техниканың саны әзірше аздау.
Құтқарушылармызға амандық тілеп қоштастық.
Jetisu Amanat
Ruslan Sadu Kozhasbayev
Amanat Partya
Amanat Sarkan