Алакөл ауданына іс сапармен барып қайттық.
Бірінші мәселе Алакөл ауданы Балапанов ауылының 2,5 км асфальтты жолы шешімін таппай жатыр екен.
Екінші мәселе жергілікті автобекет. Автобекет жұмысшыларының шағымы ол: ең алдымен ндс салығынан босатылса, қала аралық маршруттар үшін мемлекет тарапынан субсияда берілсе, Қытай мен шекараға автобекет салынса, жол жиектеріне демалыс орындары салынса, жеке көлікті таксилерді заңдастыру керек дейді.
Сонымен қатар 1500 орындық мектептің құрылысын да көрдік. Нұр-Шапағат компаниясы мектеп пен стадион және абаттандыру жұмыстарын 951 млн теңгеге жасамақшы. Жұмыс күрделі болғандықтан тапсыру мерзімі біраз кешіңкіреп жатыр екен. Бірақ қазан айына дейін бітіреміз деп уәде беруде.
5 қабатты тұрғын үй құрылыс нысанымен танысып қайттық. 860 млн теңгеге бой көтерген көп қабатты үй қарқынды, желтоқсан айында тапсырамыз деп отыр құрылыс басшысы.
1 млрд теңгеге салынып, жақында ашылу салтанаты болған ФОК-ты көріп, қуанып қалдық. Бескөл ауылдық округі тұрғындары үшін өте керемет сый болды. Балар тегін жаттығуға келеді. Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салты үшін таптырмайтын орынға айналары сөзсіз.
Jetisu Amanat
Amanat Partya
Amanat Alakol