Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кеше ерекше күн болды. Өйкені ерекше балалардың ата-аналарымен кездестік.

Қайырлы күн достар!

Кеше ерекше күн болды. Өйкені ерекше балалардың ата-аналарымен кездестік.

Ата-аналар әр түрлі сұрақпен келген екен. Әрқайсысын жеке жеке тыңдадық. Бірге күлдік, бірге жыладық. Өйткені тағдырлары бір,шешілмеген мәселе жетерлік. Көтерілген мәселе көп. Атап айтсақ: мүмкіндіктері шектеулі балаларға шағын орталық ашу, кезектегі тұрғын үй мәселесінің шешілмей жатқандығы, әлеуметтік төлемдер мәселесі,оқу, ойын-сауықтыру кешені мәселесі,жер мәселесі, және көп балалы аналардың тұрғын үй мәселелерін терең талқыладық.

Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп қана қоймай , өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру керек. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі - отбасы ішінде және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Сол себепті біз бір тұтас қоғам ретінде ерекше балаларды назардан тыс қалтырмауымыз керек.

Қолдан келгенше ата-аналарымызға көмек қолын созуға тырысамыз. Үкімет тарапынан шешілмейтін жағдай болатын болса, демеушілерге жүгініп, бұл ерекше балалардың ерекше ер мінезді ата-аналарына қол ұшын созамыз деген үміттеміз.

Jetisu Amanat

Amanat Partya

Ruslan Sadu Kozhasbayev