Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
“Сарқан халқының денсаулығының құны-1,3-1,5 млрд”-деп босқа жазбадым.

“Сарқан халқының денсаулығының құны-1,3-1,5 млрд”-деп босқа жазбадым.

Су-денсаулық кепілі! Бірақ Сарқан халқы ондаған жылдар бойы сапасыз су ішіп келеді, соның салдарынан талайлары денсаулықтарынан айрылып жатыр! Денсаулықтың құны -1,3-1,5 млрд теңге болып тұр, ол дегеніміз жаңадан су тазарту станциясына дәл осы сома қажет.

Жылдар бойы халықтың зарына айналған Сарқан су құбыры мен су қоймасын тексеріп қайттық.

Жағдай өте нашар. Су қоймасы 1962 жылы салынған. Жыл сайын халық пен үйлердің көбейуіне байланысты 1000 кубтық су тазарту қоймасы күнделікті тазартып халыққа беруге үлгермейді екен. Совет үкіметі кезеңінен қалған ғимарат, су қоймасы, су тазалау қоймасы, техникалардың тозығы әбден жеткен. Оған қоса Сарқан су құбыры бірнеше жылдан бері өзін өзі қаржыландыру системасына өтіп кеткен. Мемлекеттік мекеме емес,тек қана судан түскен қаражатқа ғана жұмыс жасап отыр. Оның ішіне жалақы,техника алу,құрал саймандар алу,т.б заттар бар. Ол қаражат жеткіліксіз. Кадрлардың жетіспеуі тағы бар. 70 мыңға күндіз-түні, қыс-жаз қарамай жұмыс жасау керек,ондай жағдайға ешкім шыдамайды дейді басшысы Рахат Аубакиров.

Жаңадан су тазарту резервуарын салу,фильтрлендіру жүйесін орнатуға бюджеттен 1,3-1,5 млрд қаражатты талап етеді екен.

Осы жағдайдың барылығын көріп,естіп қайттық. Барлық құжаттарды дайындап, республикалық деңгейде парламент төрінде көтеру керек, республикадан қаржыландыру үшін ақша сұрау керек!

Көтерген мәселеміз шешімсіз қалмаса екен деген үміт бар! Өйткені ауыз судың артында-дені сау ұлт тағдыры тұр!

Цена здоровья 1,3-1,5 миллиарда.

Побывав в Саркандском районе в рабочей поездке , посетил и проинспектировал местный «СарканВодоканал» , история печальная конечно, вся система была построена в 1962 году , и с тех поо прошло уже более 60-ти лет, реально вся систему уже пришла в непригодность . Нужны огромные средства , акимом района в этом направлении ведутся большая работа,а это подготовка соответствующих документов .

Эти вопросы буду поднимать в стенах Парламента, и в большой надежде , что правительство поддержит !

Jetisu Amanat

Amanat Partya

Ruslan Sadu Kozhasbayev