Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» фракциясынан депутаты Р.С. Қожасбаев 3-12 қаңтар аралығында Жетісу облысына барды.

Image title

Image title

Image title

Image title


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «AMANAT» фракциясынан депутаты Р.С. Қожасбаев 3-12 қаңтар аралығында Жетісу облысына барды.

Қожасбаев Р.С. сайлаушылармен кездесулерде ел басшылығының жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының мәнін түсіндіріп, Мәжілістегі өзінің заң шығару жұмысы туралы айтып берді. Қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, азаматтардың ұсыныстарын тыңдады.

Депутаттың жұмыс сапары барысында сайлаушылармен 14 кездесу өткізілді. Оның ішінде Талдықорған қаласы бойынша «Алматы бояулары», «Метакон», «Интеграл» және «Темірбетон» ЖШС ірі кәсіпорындарының ұжымдарымен төрт кездесу өткізілді.

Кездесулер барысында ұзақ мерзімді шарттар жасасу қажеттілігі, ұзақ мерзімді қолданыстағы сапа сертификаттары, ірі жобаларды тапсыру мерзімдерін қайта қарау, форс-мажорлық мән-жайлар ұғымын кеңейту, индустриялық сертификатты алу мерзімдерін қайта қарау туралы сұрақтар көтерілді.

Ескелді ауданында депутат «НАМ Г.Н.» шаруа қожалығының және Қарабұлақ ауылындағы орталық аудандық аурухананың ұжымдарымен кездесті.

Ауыл шаруашылығын жоспарлы жүргізу, инвестициялық жобалар қағидаларын және ауыл шаруашылығы ірі қара малды жаюдың үлгілік қағидаларын қайта қарау қажеттілігі, медициналық қызметтер көрсету сапасы, 1990 жылдан бері Отенай ауылында бос тұрған ғимаратты жекешелендіру, сондай-ақ қазіргі заманғы мәдениет сарайын салу мәселелері көтерілді.

Көксу ауданында сайлаушылармен екі кездесу өткізілді, онда Қаратал ауылында 25 орындық шағын орталығы бар 1200 орындық орта мектеп салу және Балпық би ауылында өрт сөндіру депосын салу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ақшалай міндеттемелер, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қорынан қаражат бөлуді реттеу мәселелері көтерілді.

Панфилов ауданында бес кездесу өткізілді. Мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары, қызметкерлер үшін тұрғын үй салу, КХДР-дан тауар айналымын ұлғайту, газ тарифін төмендету, қызметтің басым түрлері бойынша ЭҚЖЖ (ОКЭД) кеңейту қажеттілігі мәселелері көтерілді.

Барлық айтылған ұсыныстар мен азаматтар көтерген мәселелер, оның ішінде өңірді дамыту жөніндегі мәселелер депутаттың жеке бақылауына алынып, заң жобалау жұмысында пайдаланылатын болады.