Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жұмысқа кірісудеміз…

Бүгін біздің Комитетімізде, яғни Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті. Жаңа заң жобасы туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков баяндама жасады. Жиынға комитет төрағасы Нұртай Сабильянов жетекшілік етіп, оған Мәжіліс спикерінің орынбасары Альберт Рау қатысты.

Жоба жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттіктерінің аражігін ажырату мақсатында әзірленген.