Бүгін, таңертең, біздің Комитет заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтаруға қатысты заң жобаларын қарады.
Спикердің тапсырмасы бойынша заңнама комитеті жұмыс тобын құрды, онда біздің Комитеттен Сабильянов Нұртай Салихұлы және мен кірді.
Әр түрлі сарапшылардың есептеулеріне сәйкес, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қаражатты ұрлау, сыбайлас жемқорлық, қаражатты иемдену және салықтан жалтару нәтижесінде шамамен 140-160 млрд. АҚШ доллары шетелге шығарылған.
Заң жобаларында өтеусіз негізде ерікті түрде қайтару да, активтерді тәркілеу және негізсіз байлық ретінде тану жолымен активтерді қайтарудың мәжбүрлеу тәртібі де көзделген.
Күрделі және үлкен жұмыс күтіп тұр. Сіздерді хабардар етіп отырамыз.✊