Автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуына қатысты Комитетіміздің отырысында республикалық маңызы бар ақылы жолдардың кіреберісі мен шығысындағы шлагбаумдарға қатысты мәселені көтердім.
Бүкіл әлемде автомобиль жолдарында ақылы жүйелердің құнын төмендетуге және жол жүру уақытын тездетуге мүмкіндік беретін ашық авоматты түрдегі ақы төлеу жүйесі қолданылады.
Ал бізде сол шлагбаумдарда часпик уақытта автокөліктердің толып кету мәселесі күрделі болып отыр.
Сонымен қатар, «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолының, сондай-ақ Жетісу облысының тағы бірнеше автожолының құрылысын қаржыландыру және аяқтау мәселелері талқыланды.