Бүгін Комитеттің тақырыптық отырысында ауылдық елді мекендерді сапалы интернет-байланыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыладық.
ЦДИАӨМ ақпараты бойынша, бүгінгі жағдай бойынша, 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған.
Бұл мәселені шешу үшін Министрлік «Қолжетімді Интернет» байланыс саласындағы ұлттық жобаны әзірледі, іске асыру кезеңі 2023-2027 жж.
Ұлттық жобаны іске асыру нәтижелері бойынша ауылдық елді мекендердің интернетпен қамтамасыз етілуін 100%-ға дейін жеткізуге уәде беріп отыр.
Интернет байланысының сапасына қатысты келесі мәселе.
Интернет сапасы, әрине, Астананың өзінде де сын көтермейді. Алайда, Министрлік халық пен бизнесті интернет желісіне кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен қол жеткізумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Бұл мәселелерді қатаң бақылауда ұстап отыратын боламыз.