Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Мекешұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстырды.
Бүгінгі таңда мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нақты реттелмеген ондаған салалар бар, олар «таза парақтан» реттеу шеңберінде Кәсіпкерлік кодекстің қолданысынан шығарылған болатын. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, аталған заң жобасында осындай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін регламенттеу үшін салалық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.