Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жұмыс топтарының мүшесі болып табыламын

«Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы»

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


Заң жобасын әзірлеудің негізгі міндеті - заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді іздеумен (ашумен), олардың шығу тегін растаумен, қамтамасыз ету шараларын қолданумен, олардың сақталуын қамтамасыз ету, басқару, іске асыру және мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін бірыңғай заң қабылдау.

Заң жобасында Бас прокуратураның құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жекелеген ведомство құру бөлігінде осы саладағы уәкілетті органның функцияларын орындайтын нормалар қамтылады.

Бұдан басқа, мемлекетке қайтарылған активтерді шоғырландыру және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор мен Басқарушы компания құру көзделеді.

Заң жобасын қабылдаудың мынадай оң әлеуметтік-экономикалық салдары болады: қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, заңсыз сатып алынған және шығарылған активтерді мемлекетке қайтару арқылы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру, активтерді заңсыз сатып алуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.