Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұкаметұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын ұсынды.
Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған, ол отандық экспорттаушылардың мүддесі үшін шикізаттық емес экспортты қолдау мен дамытудың негізгі шараларын орталықтандыруға мүмкіндік береді.
Осы Заң жобасы бойынша одан әрі жұмысты мен жетекшілік ететін жұмыс топтарының отырыстары шеңберінде жалғастырамыз.✍️