Комитет отырысының күн тәртібіне инвестиция тарту бойынша сұрақтар шығардым.
Естеріңізде болса, мамыр айының басында Үкіметке осы мәселе бойынша депутаттық сауал жасаған едім.
Олардың жауабы мені мүлдем қанағаттандырмады, өзім де білетін ақпарат пен заң жобаларына сілтемелерді көрсеткен, бұны жай ғана сапасыз жауап деп білемін.
Инвестицияларды тартудың ағымдағы жағдайы бойынша ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдеріне қарағанда сыртқы істер вице-министрі А.А. Айдаров жақсы баяндады.
Кеңес қорытындысы бойынша инвестиция тарту саласындағы ағымдағы міндеттерді шешу бойынша Үкімет ведомстволары арасында өзара түсіністік пен үйлестіру жоқ екені анықталды.
Біз депутаттар ретінде инвестициялық мәселелерді реттеудің пәрменді тетіктерін әзірлеу үшін ауылдық жерлердегі бизнес қауымдастықпен бірлесіп мемлекеттік органдарға жұмыс тобын құруға дейін бірқатар нақты іс-қимылдарды ұсындық.