Қожасбаев
Руслан
Сәдуақасұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Мәжіліс шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заңды екінші оқылымда қабылдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын ілгерілету мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Мәжіліс экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Түзетулер Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы үшін реттеу режимін қалыптастыруға қатысты әзірленген. – Заң жобасы 13 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданды.

Құжат экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебесін құруды, шикізаттық емес экспортқа  қаржылай қолдау мен дамытудың негізгі шараларын біріктіруді көздейді. Сонымен қатар депутаттар жекелеген нормаларды нақтылайтын  және заң жобасының мазмұнын жақсартатын  түзетулер енгізді, – деді жұмыс тобының жетекшісі Руслан Қожасбаев.

Айта кетейік, өзгерістер аясында KazakhExport сақтандыру компаниясы толыққанды экспортты дамыту институты болып қайта форматталатын болады. Оның қазіргі функцияларына (сақтандыру, қайта сақтандыру) тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де экспорттық операцияларға кепілдік беру, сондай-ақ сауданы қаржыландыру мөлшерлемелерін субсидиялау сияқты өкілеттіктер қосылады.

Image title