2023 жылғы 26 қыркүйекте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің «Экспортты ынталандыру және «Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ компаниясының базасында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында барлық қажетті құралдарды шоғырландыра отырып, экспортты ілгерілетудің толыққанды институтын құру мәселелері. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қызметі туралы» тақырыптық отырысы өтті. Отырысты Комитет төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Ермекұлы Калигазин депутаттар алдында баяндама жасады. Отырысқа Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұкаметұлы Төребаев және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Асқарұлы Ғалым қатысты. Тақырыптық отырыс барысында депутаттар экспорттаушы кәсіпорындарға сыртқы сауда операциялары кезінде сақтандырушылық қорғауды төлемей қою тәуекелінен, экспорттық циклдің барлық кезеңдеріндегі қауіпсіздік кепілдіктерін, шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді, компания қызметінің негізгі көрсеткіштерін және басқаларын ұсынуға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.