Палата Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс делегациясы Қытайға ресми сапармен келді. Бейжіңде депутаттар Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэджимен, Бүкілқытайлық халықтық саяси консультативтік кеңес комитетінің басшысы Ван Хунинмен және Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті.