Құрметті әріптестер!
2000 жылғы 7 шілдедегі Қзақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Хаттаманы ратификациялау кезінде оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептеймін.