Ержан Ерікұлы айтып өткендей бұл Хаттамаға мемлекеттер басшылары 2022 жылы 9 желтоқсанда Бішкекте қол қойды.
Жобаның міндеттері:
Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, сондай-ақ үшінші елдермен де ҚҚС (қосылған құн салығы) төлеудің ашық және нақты тетігі бар салық салудың тең жағдайларын жасау;
салықтық әкімшілендіруді оңайлату;
электрондық қызметтерді өткізу саласында бизнес жүргізуді жеңілдету болып табылады.
Хаттаманы іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептеймін.