Құрметті әріптестер!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының 15-тармағына сәйкес әзірленді.
Бұл Заң жобасы мынадай негізгі түзетулерді қарастырады.
балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
балалардың жекелеген санаттарының қолдау алу құқықтарын қамтамасыз етеді.
техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына студенттер мен педагогтердің онлайн-оқыту нысанын және академиялық ұтқырлықты енгізеді.
қосымша білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама жасау тәртібін енгізеді.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған заң жобасын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептеймін.
Қолдауларыңызды сұраймын.