Қазақстан халық партиясының парламенттегі фракция депутаттары өңірлерге аттанды. Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесіп, еңбек ұжымдарына, өндірістік және әлеуметтік нысандарға барады, сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
ҚХП фракциясының жетекшісі , депутат Магеррам Магеррамов Павлодар облысына барды. Ол мұнда облыстық мәслихат төрағасы Иван Теренченкомен кездесті. Төраға құрамына 5 партия өкілдері кіретін ( оның ішінде ҚХП жергілікті филиалының басшысы Илья Мухортов бар) облыстық мәслихаттың жұмысы туралы, сондай-ақ, жергілікті жерлерде депутатттық қызметті жаңғырту жоспары жайында айтып берді. Өз кезегінде Магеррам Магеррамов Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдар ішінде өкілдік органдарда түрлі партияның алғаш рет топтасқанын атап өтті.
– Әрине, жұмыс топтарында, комитеттердің және пленарлық отырыстарда өзара қызу пікір таластырамыз, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты, - алайда, біз ортақ бір мәмілеге, келісімге келіп, еліміздің және азаматтардың игілігіне бағытталған шешім қабылдау үшін жұмыс істейміз.