МАГЕРРАМОВ
Магеррам
Мамедович

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Хатшысы

Депутатқа хат
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда

Ал ЖК «Қазфлот» басшысы Виктор Поднебесов су арқылы тасымал жасау саласында жүрген кәсіпкерлердің қандай кедергілерге тап болатыны туралы айтты. Өкінішке қарай, қазіргі таңда қазақстандық барж мен теплоходтардың жағдайы сын көтермейді, кемелер күрделі жөндеуді қажет етеді. Жағымды жаңалықтар да жоқ емес - қазір Ертіс өзенінің үстінен логистикадағы бірқатар мәселені шешуге септігін тигізетін жаңа көпір салынып жатыр. Кәсіпкер өз сөзінде басқа көлік түрлерімен салыстырғанда, флотпен жүк жеткізудің артықшылығы туралы айтып өтті.

Өзен флоты қызметі облыстың дамуф үшін ерекше рөл атқарады және бұл жерде отандық кәсіпкерлерді қолдау өте маңызды.


– Ішкі су тасымалының екі бағытын қамтамасыз ету қажет, - деп атап өтті Поднебеснов. - Бұл жағалаудағы көлік инфрақұрылымы мен сапалы жөндеу базасы, олар көлік-логистика саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды табысты іске асыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде, Магеррам Магеррамов ҚХП-ның өзен флотын дамытуға ерекше көңіл бөлетінін және отандық кәсіпкерлерді қолдайтынын айтты. Парламенттік қолдаудың мысалы ретінде елдегі жалғыз кеме жөндейтін кәсіпорын «Эллинг ПВ» ЖШС-ін айтуға болады, депутат жұмыс сапар кезінде аталған кәсіпорында да болған еді. Павлодар әкімдігі мектеп құрылысын жүргізу үшін, кеме зауытына тиесілі учаскені алуды жоспарлаған. Алайда, ҚХП фракциясының депутаттық сауалынан соң, және прокуратура араласқаннан кейін мәжбүрлеп біреудің мүлкін алу әрекеті жойылып, зауыт сақталып қалды.