– Бұл ұйымның ұл-қыздары еліміздің экологиялық дамуына өз үлестерін белсенді түрде қосып келеді. Жалпы, экологиялық мәдениет бала кезден қалыптасуы керек. Өйткені бұл біздің ұлттық мәдениетіміздің маңызды құрамдас бөлігі саналады, – деп атап өтті Магеррам Магеррамов кездесу барысында.
Қонақтар мәжілісменге өз жобалары мен болашақ жоспарлары, сондай-ақ еліміздегі шешілуі тиіс экологиялық мәселелер жөнінде айтып берді. Ал ҚХП өз тарапынан жас экологтар мен еріктілерге қолдау мен жан-жақты көмек көрсетуге әрқашан ниетті екенін жеткізді.
– Жастардың отанымыздың өркендеуіне бағытталған бастамалары мен ұсыныстары көп. Ал біз оларды қолдауға дайынбыз!, – деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.