С.Егізбаев, Е.Мәмбетов, А.Қожаназаров, И.Сұнқар Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары Түркістан облысы Ордабасы ауданында орналасқан Бөрте Милка ЖШС-нің автоматтандырылған жаңа технологиялық тауарлық сүт фермасының жұмысымен танысты.
Ферма 9,5 га жерде орналасқан, жұмысшылар саны 53, Голштейн тұқымды ірі қара малдың саны-1200, оның ішінде 608 бас сауын сиырлар.
Ферма толығымен автоматтандырылған. Фeрмада сегіз дана сүт сауу роботтары, төрт дана жемшөп итергіш роботтар және қораларда көңді тазартқыш арналған скреперлер орнатылған.
Серіктестіктің автоматтандырылған жаңа технологиялық сүт өңдеу зауыты тәулігіне 50 тонна түрлі өнім шығарады. Сүт зауыты Түркістан облысы, Шымкент және Тараз қалаларының тұрғындарын табиғи сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде.
Осындай өндірісті әр өңірде дамыту арқылы еліміздің халқын отандық сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады.