Судың да сұрауы бар...
Қазіргі таңда Астанамызда күніне 35000-70000 текше метр су жиналатын үшінші су сорғы станциясы салынып, кәдеге асуға әне-міне қалды. Қазір бірінші бөлігіндегі (35000 м3) судың сапасын СЭС мамандары тексеруде, Оның құрамы стандартқа сай келсе, жақын арада қаладағы судың күші күшейеді. Кейін 70000-дыңы қосылғанда қаладағы артығымен су жиналады. Жалпы қала бойынша су тұтыну 400 мың текше метрге дейін екекн.№ Судың бәрі 42 шақырым жердегі Аршалы ауданындағы су қоймасынан келуде. Бқл су тазалау станциясы жоспар бойынша 2023 жылдың желтоқсан айында іске қосылуы керек еді. Бәрі жоспар бойынша келе жатқан. Урбанизация мен халықтың табиғи өсімі салдарынан су тапшылығы болып, мерзімінен бұрын қосуға мәжбүр болып отыр.
Осы жағдайды әу баста әкімдік тарапынан ба, Астана су арнасы басшылары тарапынан ба, халық шуламай тұрып қарапайым тілмен алдын ала түсіндірсе болады ғой?! Жоқ, бізде бәрі керісінше... Біраз нәрсе енді түсінікті болды.
Жалпы суды да үнемдей жүрейік.