2023 жылдың 21 қыркүйегінде аталған Үкімет сағатына дайындау аясында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері А.Қ.Аймағамбетов, Н.Тау, Г.Ш.Танашева, Ж.Д.Сүлейменова, Д.Т.Мұқаев, Т.Ғ.Серіков Астана қаласының денсаулық сақтау объектілеріне барды.
Аталған іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқармасының және оның Астана қаласы бойынша филиалының басшылықтары қатысты.
Өз кезегінде № 9 қалалық емхананың, № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының, № 1 көпбейінді қалалық аурухананың және көпсалалы медициналық орталықтың бас дәрігерлері депутаттарды медициналық мекемелердің қызметімен таныстырды.