Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне барып, қызметкерлерімен ашық әңгіме өткіздім. Қай жерге барсам да, басты проблема - айлық мәселесі. Былай тартса былай жетпейді, әйтеуәр жоқтан бар, күнкөріс қамы. Архив қызметкерлерінің айлығына келер болсақ, шынымен де мардымсыз. Арнайы әлеуметтік пакеттер де жоқ. Сол себепті жастардың осы салада жұмыс істеуіне құлқы жоқ. Астана университеттерінде оларды оқытатын мамандық жоқ. Қордаланған мәселелерді жан-жақты талқылап, шешімін табу үшін Үкімет мүшелеріне бірнеше хат жолдаймын.