Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы,
өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы»
ҚР Заңының жобасы бойынша депутат Д.Мұқаевтың
баяндама жобасы
2023 жылғы 11 сәуір
Құрметті Асхат Қанатұлы!
Құрметті әріптестер!
«Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы Мәскеу қаласында 2022 жылғы 19 сәуірде жасалған кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялауға бағытталған.
Келісімді ратификациялау кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік және өзге де төлемді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде кедендік операцияларды қамтамасыз етуді ұсыну тәртібін жеңілдетуге, жеделдетуге және оңтайлауға мүмкіндік береді.
Келісім тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырған, ал кедендік және өзге де төлемді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайда кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік және өзге де төлемді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ тауарларды кедендік транзиттің кедендік орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асырған, ал кедендік және өзге де төлемді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайда кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік және өзге детөлемді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификатын ресімдеу мүмкіндігін көздейтін 20 және 30 пайызға оңайлату көзделген.
Келісімнің ережелері ратификациялаумен білдірілетін келісуді көздейтінін ескерсек, осы халықаралық шартты ратификациялау талап етіледі.
Осы Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қаржы шығынын талап етпейді.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, құрметті әріптестер, Заң жобалары бойынша әзірленген қорытындыны қолдауларыңызды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет!