Мысырәлімова
Айна
Ермекқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2023 жылғы 11 сәуір күні Парламент Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбекпен кездесуі өтті.

2023 жылғы 11 сәуір күні Парламент Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбекпен кездесуі өтті. Кездесуге ғылым және жоғары білім вице-министрлері Т. И.Ешенқұлов, К. А.Ерғалиев, К. А. Ақатов қатысты. Кездесу барысында қазақстандық ғылымды дамыту, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын лицензиялау мәселелері талқыланды.