Мысырәлімова
Айна
Ермекқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» тақырыбындағы тақырыптық отырысы

2024 жылғы 8 ақпанда сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес екінші сессияға «Әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша» тақырыбы бойынша Комитеттің тақырыптық отырысы өткізілді. Отырысқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі, Денсаулық сақтау вице-министрі, Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Туризм және спорт вице-министрі, Оқу ағарту вице-министрі, Мәдениет және ақпарат вице-министрі қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы С.Қ. Ахметжанов, Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С. Әуесбаев, Денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю. Дудник, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.І. Ешенқұлов, Туризм және спорт вице-министрі М.Қ. Төлебаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасов баяндама жасады. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Аймағамбетов отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне бірнеше рет ерекше назар аударғанына атап өтті. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы С.Қ. Ахметжанов әлеуметтік-экономикалық саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қабылданатын негізгі бағыттар туралы баяндады. Ол атап өткендей, 2023 жылы әлеуметтік салада 311, оның ішінде білім беру – 155, денсаулық сақтау – 64, зейнетақымен қамсыздандыру – 7, әлеуметтік қорғау – 29, медициналық-әлеуметтік сараптама (мүгедектікті анықтау) – 56 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді. 92 адам сотталды. Оның айтуынша, жүргізілген талдау қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен негізгі себептер қызметтің ашықтығы, қызметтік міндеттерін орындау кезінде өзімшілдік мүдделілік болып табылатынын көрсетті. Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтердің көпшілігінің онлайн форматта ұсынылуына қарамастан, азаматтардың өздері тарапынан белгілі бір қызметтерді «алуды жеделдетудегі ұсыныстар» немесе «заңсыз қорытындылар» беру фактілері жоққа шығарылмайды. Сондай-ақ С.Қ. Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және алдын алу жұмысының призмасы арқылы басшылардың тиімділігін бағалаудың өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Заңның бұзылуына жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу бөлігінде ведомстволық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көрінуіне жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу ұсынылды. Осы дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заңнамалық бастамалар шеңберінде қаралатын нақты ұсыныстар әзірледі.