Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысының тақырыбы «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау» деп аталды. Комитет отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, денсаулық сақтау және білім вице-министрлер, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, облыстардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының өкілдері, ғылым, қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысты. Негізгі проблемалардың қатарында қатысушылар саланы жеткіліксіз қаржыландыруды, материалдық-техникалық базаның әлсіздігін және қаржы құралдарының ашық еместігін атап өтті. Комитет төрағасы А.Қ.Аймағамбетов депутаттар әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасына бастамашылық жасағанын атап өтті. Оның басты мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірыңғай стандарттарын құру және білікті кадрлар тапшылығы проблемасын шешу. "Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлер қауымдастығы" ҚБ құрылтайшысы Л.Нұрқатова өз сөзінде әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру және біліктілікті арттырудың кәсіби жүйесін енгізу қажеттігін атап өтті. Отырыс аясында "Үміт сәулесі" балалар мен мүгедектерге көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы Т.Кравченко өз ұсыныстарын білдірді. Отырыс барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Қ.Жақыпованың, сондай-ақ денсаулық сақтау вице-министрі В.Ю.Дудниктің, Оқұ-ағарту вице-министрі Е.Оспанның баяндамалары тыңдалды. Депутаттар жаңа Әлеуметтік кодекс шеңберінде 2025 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтердің жан басына шаққандағы нормативін енгізу жоспарланып отырғанын және бұл олардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін атап өтті. Көшпелі отырыс барысында депутаттар Қарағанды облысындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде халыққа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға барып, қамқорлығындағылардың тұрмыс жағдайымен танысты.