Наумова
Динара
Рустамқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Депутат Д.Наумованың Астана жастарымен кездесуі

Депутат Д.Наумованың Астана жастарымен кездесуі

2024 жылдың 11 қазанында  депутат Д.Наумова  Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  студенттерімен және оқытушыларымен кездесіп, ЕҰУ қызметімен және мамандардың білім беру бағдарламаларымен танысты.

Кездесу мақсаты – студенттерді белсенді азамат болуға, қоғамдық өмірге қатысуға ынталандыру.

Депутат Д.Наумова өз сөзінде Қазақстанның - кез келген салада және кез келген өңірде табысқа жетуге болатын тең мүмкіндіктер елі екенін атап өтті.

Кездесу барысында депутат өскелең ұрпаққа өзі туралы, мектеп және студенттік жылдары, кәсібіндегі дамуы және Парламенттегі жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді.

Одан кейін студенттер депутатқа негізінен оқу, жұмысқа орналасу және мансап құруға қатысты түрлі сұрақтар қойды. Депутат Д.Наумова сұрақтарға жауап бере отырып, үнемі оқып үйренуді, білімді шыңдауды тоқтатпау керектігін атап өтті.

Кездесу соңында депутат мұндай кездесулер өскелең ұрпақты жақынырақ тануға септігін тигізетінін атап өтті. «Көптеген мәселелер бойынша пікір естігеніме қуаныштымын. Сіздер қазір ең жарқын кезеңді - студенттік шақтарды бастан өткеріп жатырсыз. Сіздердің жігерлі болып, көбірек армандап, алға қойған мақсаттарыңызға ұмтылып, болашаққа нық сеніммен қарауларыңызға тілектеспін», - деді депутат Д.Наумова.

Іс-шара соңында  коллективтік фотоға түсу болды.

Image title

Image title