ДЕПУТАТ Д.НАУМОВА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
«МҮМКІНДІКТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2024 жылғы 21 қазанда Мәжіліс депутаты Д.Наумова «Мүгедектердің құқықтарын қолдау мен қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге депутаттар, орталық мемлекеттік органдардың (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім, Көлік, Білім, Ұлттық экономика, Қаржы, Туризм және спорт министрліктері) өкілдері, мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің басшылары қатысты.
Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Тау, Т.Серіков, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдар мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында сындарлы диалог өтті, диалог форматында Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын арттырудың өзекті мәселелері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүгедектер мен азаматтық қоғам өкілдерінің әрбір өтініші бойынша жан-жақты түсіндірмелер берілді.