2023 жылғы 20 маусымда «Арт-спорт» бағдарламасын жетілдіру туралы (спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру)» тақырыбында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің тақырыптық отырысы өтті.
Отырысқа Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері-депутаттар, мәдениет және спорт, оқу-ағарту, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері, Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.
Отырыста баяндама жасағандар: мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру туралы Мәдениет және спорт вице-министрі С.А. Құранбек, мәдениет және спорт министрлігінде және жергілікті атқарушы органдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды орналастыру кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры Д.Ж. Әшірбеков, өңірлерде мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды іске асыру және орналастыру туралы Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары Б.Х. Нарымбетов және С.Ә.Аблалиев, сондай-ақ «SoftDeCo» ЖШС Бас директоры С.Г. Алабугин және «Рухани Болашақ» жеке және заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Л.К. Абдрахманова.
Отырыс барысында депутаттар мен жұртшылық өкілдері өзекті мәселелерді көтеріп, сындарлы ұсыныстар айтты.
Отырыс нәтижесін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Қ. Аймағамбетов қорытындылады.