2024 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы таныстырылды.
Заң жобасы әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған.